20 шілдедегі мәлімет бойынша, 10 983 адам коронавирус инфекциясынан (–10 866+ және 117 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 977 пациент стационарда, 10 006 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 18 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
Өткен тәулікте «Pfizer» вакцинасының
- I-ші дозасын 1 230 166 адам,
- ІІ-ші дозасын 1 171 601 адам салдырды. Оның ішінде:
І-ші компонентімен
- Жасөспірімдер – 868 853,
- Жүкті әйелдер – 41 269,
- Бала емізетін әйелдер – 145 064.
ІІ-ші компанентімен
- Жасөспірімдер – 847 255,
- Жүкті әйелдер – 38 833,
- Бала емізетін әйелдер – 139 693.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 540 374 адам, 2-ші компонентін 9 322 766 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК