Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

Абаттандыру жұмыстары аясында ұзындығы 1,3 км-лік ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары (4,2 км) орнатылды.

Алматыда 19 шілдеде Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарын қорытындылауға байланысты баспасөз туры өтті.

Есентай өзенінің жағалауында су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жаңа форматтағы қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, ұзындығы 4,2 жаяу жүргіншілер жолы жасалды (1 км ағаштан жасалған жаяу жүргіншілер жолы және 3,2 км тас жол), өзеннің жағалауы бекітілді.

«Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған болатын. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр», – деді баспасөз туры барысында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім жетекшісі Мұрат Жексенбаев.

Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары аясында ұзындығы 1,3 км-лік ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары (4,2 км) орнатылды. 600-дей қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, 3500-ден астам бұта және шамамен 700 ш. м. көпжылдық және 100 ш. м. біржылдық өсімдіктер отырғызылды. 339 жарық шам, 8 ойын алаңы мен спорт алаңы, 4 табиғатты тамашалау  алаңы мен пандустар, 4 пергола, 2 модульдік дәретхана, су жағасына 10 орындық, 130 қоқыс жәшігі және жағалау бойына 70 орындық қойылды.

 

Дереккөз: almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.