Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.
Алматы қаласының Медеу және Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады.
«2022 жылғы 13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Almaty.tv.