Әлеуметтік қызметтер үйінің ерекшелігі-бір ғимараттан "бір терезе"қағидаты бойынша 700-ден астам қызмет алуға болады.
Мұнда 11 ұйым орналасқан, олардың ішінде тұрғын үй саясаты басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, ХҚКО және басқалары.
Сондай-ақ, қала тұрғындары әлеуметтік қызметтер үйінен тегін заңгерлік кеңес пен психологтың көмегін ала алады. Жалпы, күн сайын мемлекеттік қызметтерді алуға 300-500 адам жүгінеді.
"Әрбір аумақтық бірлік деңгейіндегі кепілдендірілген әлеуметтік көмек, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер кешені тексерілген және атаулы сипатта болуы тиіс. Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі осыған байланысты", - деді вице-премьер.
Ол сондай-ақ әлеуметтік қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және үкіметтің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Жыл басынан әлеуметтік қызметтер үйімен 58 755 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- халықты жұмыспен қамту орталығымен – 23 678 қызмет (40%);
- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасымен – 24 116 (41%);
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен – 1890 (3%);
- БЖЗҚ – 3 494 (6%);
- кәсіпкерлікті қолдау қоры Qolday-1004 (2%);
- "Отбасы банк" АҚ – 2672 (5%);
- "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ – 1898 (3%).
Ақпарат көзі: Бостандық ауданы әкімінің аппараты