Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Биыл Түрксіб ауданында жаңа екі мектептің құрылысы аяқталады

Осы арқылы осы аудандағы мектептердегі орын тапшылығы шешіледі.

2022 жылдың желтоқсан айына дейін алматылық құрылысшылар Түрксіб ауданындағы екі мектептің құрылысын аяқтайды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындармен кездесуі барысында айтты.

Шаһар жетекісінің сөзіне жүгінсек, бүгінгі таңда Алматының Түрксіб ауданында мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы жиынтықта 4,2 мың орынды құрайды (1,5 мың - мектеп, 2,7 мың – мектепке дейінгі ұйымдар). Орын тапшылығын азайту мақсатында білім беру ұйымдарын салу және жөндеу жобалары іске асырылып жатыр.

«2022 жылдың желтоқсан айында Қайрат шағынауданындағы 1500 орындық мектеп пен Волочаевская көшесіндегі 300 орындық жеке меншік мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл қазіргі орын тапшылығын толығымен шешеді. Осы жылдың 3-тоқсанында № 59 мектеп-гимназияның жаңа ғимаратын салу басталады. 1939 жылы салынған ескі ғимарат бұзылады. Жылдың соңына дейін Жас Қанат шағынауданында 280 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары қайта басталады», - деді қала әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, 2023 жылы Қайрат шағынауданындағы 260 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.