Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт өтті

Концерт Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Батырсыз 7 жыл – қазір Алматыда Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған BATYR.GÜL ALMATY арнау концерті өтті.

Қазір алаңда атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Халық көп. Батыр шығармашылығының адал жанкүйерлері концертті тамашалап, көздеріне жас алып ән шырқап жатыр. Бүгінде миллиондаған тыңдарманның сүйікті әндерін симфониялық оркестр, солистер, Батырдың замандастары мен жас музыканттар алғаш рет орындайды.

«Концертті ұйымдастырушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты сахнаны Республика сарайының көрермен залына ауыстырды. Ішке кіре алмағандар үшін Абай алаңында үлкен экранда трансляция ұйымдастырылды», - дейді әнші Әлібек Әлмадиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, BATYR.GUL ALMATY арнау концерті – бұл Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қорының қызметінің жалғасы, ол әнші туралы естелікті сақтауға және Қазақстанның жанды әрі күшті мәдени ортасын қалыптастыруға бағытталған.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.