Фестиваль 20:00-ге дейін жалғасты.
Алматының «Астана» алаңында жаңа форматтағы ауқымды автошоу өтті. Іс-шараны көруге келген қала тұрғындары мен қонақтардың қарасы қалың болды.
Іс-шарада 156 түрлі көлік әкелінген. Оның ішінде қалпына келтірілген классикалық автомобильдер, жаңа автомобильдер, жоғары деңгейлі люкс үлгілері, спорттық автомобильдер, жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ неміс автомобиль өнеркәсібінің аты аңызға айналған үлгілері де бар.
Спорттық авто фестиваль барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Сондай-ақ кез келген адам мотобайкке мінуден тегін мастер-класс өткізіп, жоба демеушілерінен сыйлық алды.
Сонымен қатар қайырымдылық шара да ұйымдастырылды.
Дереккөз: Almaty.tv.