19 мамырдағы мәлімет бойынша, 137 адам коронавирус инфекциясынан (–84+ және 53 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 49 пациент стационарда, 88 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 9 адамның жағдайы ауыр,
- 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
Өткен тәулікте «Pfizer» вакцинасының
- I-ші дозасын 1 123 794 адам,
- ІІ-ші дозасын 996 207 адам салдырды. Оның ішінде:
І-ші компонентімен
- Жасөспірімдер – 841 433,
- Жүкті әйелдер – 39 155,
- Бала емізетін әйелдер – 139 428.
ІІ-ші компанентімен
- Жасөспірімдер – 786 033,
- Жүкті әйелдер – 34 834,
- Бала емізетін әйелдер – 127 226.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 494 927 адам, 2-ші компонентін 9 266 403 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК