Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полицейлері ерекше акция өткізіп жатыр

Бұл қағиданы жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторлары болып табылады.

Алматы полициясы ел Президентінің жаңа форматтағы «Қолжетімді полиция» жұмысы туралы тапсырмасын орындау аясында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бұл қағиданы жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторлары болып табылады.

«Мемлекет басшысы өз аумағының тұрғындарына жақынырақ, танымал, қолжетімді, азаматтарға беделді болуы тиіс және олардың құқықтарын қорғайтын учаскелік полиция қызметкеріне басты рөл жүктелетін реформалар қажет екенін атап өтті.  Біздің қаламызда ІІМ-нің бастамасымен «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын! Сізге қандай көмек көрсете аламын?» ақпараттық науқаны іске қосылды.  Бұл бірінші кезекте полицияны қызмет үлгісіне қайта бағыттауға және оны қолжетімді жасауға көмектеседі.  Біздің ауданда науқан азаматтар көп тұратын тұрғын үйлерді қамтиды. Әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК-пен және аудан тұрғындарымен чат пен мессенджерлік байланыста отырады.  Барлық сұрақтар тікелей оларға келіп түседі.  Осы тәсілдің арқасында тұрғындардан түсетін өтініштердің санын 2,5 есеге қысқарттық», – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.

Учаскелік инспекторлар полицияның көп функционалды қызметін көрсетеді. Олар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алады.

«Олардың қызметі халықпен тікелей байланыста жүзеге асырылады. Олар өз міндеттерін орындай отырып, ішкі істер органдары туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді, азаматтардың полицияға деген сенім деңгейі олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей байланысты.  Осыған орай, учаскелік полиция инспекторлары мен тұрғындардың күнделікті байланысына қол жеткізу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді полковник Өтебаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.