Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

Қасым хан бейнеленген алып картина Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды.

«Аталған мурал Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек. Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова мен Гафура Қайырбекова кескіндеді. Олардың айтуына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен», - деп жазды ведомстводан.

Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.