Желіде 6 автобус жұмыс істейтін болады.
6 мамырдан бастап Алатау ауданында "Мәдениет" ТК – Өжет шағынауданы бойынша №24 көліктің қалалық жаңа бағыт өз жұмысын бастайды.
Қозғалыс сызбасына сәйкес автобустар "Мәдениет" ТК-нен Саин көшесі бойымен Үлкен Алматы каналынан Солтүстік айналма жолға дейін, Бекболат көшесінен солтүстікке қарай Өжет шағынауданына дейін барады және кері қатынайды. Желіде 6 автобус жұмыс істейтін болады.
Еске салсақ, бұрындары қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында ауданның өзекті мәселелерінің бірі - көлік бағыттары желілері мен жылжымалы составтың тапшылығы атап өтілген еді. Мәселені шешу үшін алты шағын ауданда 2 жаңа маршрут ашылады, 4 бағыт (25, 57, 129, 132) ұзартылып, 4 бағыт күшейтіледі (№109, 115, 122, 125,) сондай-ақ, №103 бағыттағы көліктер жаңарады.
Дереккөз: Almaty.tv.