Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қалай сақталады

Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е. Оразалин айтып берді.

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар басқарманың ерекше бақылауында тұр. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е. Оразалин айтты.

Оның айтуынша, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға бар күш жұмсалып жатыр.

"Бұл қорлар күн сайын ел өңірлерінен фермерлер мен тауар өндірушілер әкеліп толықтырып жатыр. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы болжанбайды. Екіншіден, ірі жеткізушілерге, өндірушілерге және сауда желілеріне жеңілдетілген несие беру тетігі енгізілген. Бұл делдалдар тізбегін айналып өтіп, сөрелердегі сату бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді", – деді Е. Оразалин.

Сонымен қатар Түркістан облысының өндірушілерімен ерте пісетін қырыққабаттың бірінші партиясы қала сөрелеріне келіп түскен.

"Мамырдан бастап тамыз айының соңына дейін 7 мың тоннадан астам картоп, пияз және сәбіз жеткізіледі. Шілде айынан бастап Алматы облысынан 3,5 мың тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ 5 мың тонна картоп және 2 мың тонна сәбіз отырғызу үшін Павлодар облысының тауар өндірушілеріне 300 млн теңге бөлу жоспарланып жатыр", – деді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е. Оразалин.

Сондай-ақ нан бағасын ұстап тұру мақсатында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰҚ" АҚ қорынан қаланың ұн тарту кәсіпорындарына субсидияланған астықты жеткізу жалғасып жатыр. Әлеуметтік нанның сату бағасын белгілеу үшін "Алматыдән" ЖШС-не 150 млн теңге мөлшерінде айналым алымын бөлу жоспарлануда.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.