Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда №59 маршрутқа жаңа автобустар шығарылады

Жолда жүрген 9 метрлік автобустардың орнына енді 12 метрлік жаңа автобустар қызмет көрсететін болады.

Қала тұрғындарының сұранысына орай 19 сәуірден бастап №59 маршрутқа 14 жаңа автобус шығарылады.

Бұған дейін жолда жүрген 9 метрлік автобустардың орнына енді 12 метрлік жаңа автобустар қызмет көрсететін болады. Босаған автобустар танымал әрі жүктемесі жоғары өзге маршруттарға жіберіледі. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін барлығы 300 автобустың жеткізілуі жоспарланған. Олардың барлығы техникалық дайындығына қарай кезең-кезеңмен маршруттарға шығарылатын болады. Қазіргі кезде әкімдік қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға басымдық беріп отыр. Бұл бағытта экологиялық таза көліктерді көбейтіп, халықтың өмірі мен денсаулығы үшін жайлы орта жасалып, автобустардың жүктемесін азайтып, жолаушылар ағымын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.