17 сәуірде сағат 00:00-ден 13: 00-ге дейін Алматыда жартылай марафон өтеді, соған байланысты қаламыздың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жартылай марафонды ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, жарыс Тұңғыш Президент саябағында өтеді.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі жол қозғалысы 16 сәуірде сағат 23:00-ден 17 сәуірде сағат 13:00-ге дейін тоқтатылады. Оңтүстік жағы 07:20-дан 08:20-ға дейін жабылады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағы қозғалыс үшін еркін болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 03:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін бос болады.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:30-дан 10:00-ге дейін толығымен жабылады. Абай даңғылының оңтүстік жағындағы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 13:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін бос болады.
Сайын көшесінің шығыс жағындағы қозғалыс әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 11: 30-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін бос болады.
Жолдардың кептелуіне байланысты жарысқа қатысушыларға автобуспен әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін сөре орнына (Тұңғыш Президент саябағы) жету ұсынылады. Сөре және мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлік қою мүмкін болмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір, жексенбі күні бесінші Алматы жартылай марафоны өтеді. Жарысқа әлемнің 28 елінен 5,5 мыңға жуық әуесқой спортшы шығады.
Дереккөз: Бостандық ауданы әкімінің аппараты