9 мамырда әр ауданда жоғары деңгейде іс-шаралар өтеді.
Алматыда Ұлы Жеңістің 77 жылдығына байланысты қаланың әрбір ауданында іс-шаралар өтеді. Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты.
«Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай арнайы бюджеттен қаржы бөлінді. Ардагерлерге ақшалай қаражат беріледі және мен аудан әкімдеріне тапсырма бердім. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. 9 мамырда әр ауданда жоғары деңгейде іс-шаралар өтеді», – деді қала әкімі.
Дереккөз: Almaty.tv.