Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің (тоқсан ішінде 8 кездесу) және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) бекітілді. Жылдық күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін барлығы кем дегенде 48 кездесуге дейін өткізу қарастырылған (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі).
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі 14 сәуірде сағат 15.00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайда орналасқан Бас жоспардың ғимаратында өтеді.
Сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімдерінің халықпен 9 кездесуі өтеді.
Алматы қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесулерінің кестесі
№ | Күні және уақыты | Аудан | Өтетін орны |
13.04.2022 (сәрсенбі) Сағ. 17:00 | Әуезов | № 86 мектеп, 6 шағын ауданы | |
13.04.2022 (сәрсенбі) Сағ. 11:00 | Наурызбай | Тастыбұлак шағын ауданы, «Тастыбұлақ» саябағы | |
16.04.2022 (сенбі) сағ. 11:00 | Жетісу | №177 мектебі, Көкжиек шағын ауданы, 63 | |
20.04.2022 (сәрсенбі) сағ. 11:00 | Түрксіб | №203 мектеп, Досбол би көшесі, 31, Нұршашқан шағын ауданы | |
20.04.2022 (сәрсенбі) сағ. 15:00 | Алатау | Теректі шағын ауданы, Ташкент тракті, 541 | |
21.04.2022 (бейсенбі) сағ. 10:00 | Бостандық | №40 мектеп, Орбита-3 шағын ауданы | |
22.04.2022 (жұма) Сағ. 11:00 | Наурызбай | Алты-Алаш шағын ауданы, Сағатов көшесі, 24 | |
27.04.2022 (сәрсенбі) сағ.11:00 | Медеу | №172 лицейі, Қарқаралы көшесі, 15, Думан шағын ауданы | |
28.04.2022 (бейсенбі) сағ. 11:00 | Алмалы | Алматы сымбат және дизайна колледжі Райымбек даңғылы, 174 |
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі