2022 жылғы 6 сәуірде сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Бостандық ауданының «Алмагүл» және «Қазақфильм» ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға жылу және ыстық су берілмейді.
Уақытша шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-ның Оңтүстік аудандық қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіледі.
Дереккөз: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС