Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» ММ биік таулы «Медеу» мұз айдыны маңында және Шымбұлақ – Тұйық су жолының бойына бөгет орнатты. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті айтты.
Биіктік пен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 25-28 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 24 наурызда сағат 08:40-тан 10:40-қа дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардың нәтижесінде 600 текше метр қар массасы төгілді.
Осыған байланысты қалалық ТЖД туристер мен демалушыларды таулы аймақта серуендеуден бас тартуды сұрайды.
Дереккөз: Almaty.tv.