Қаланың кей тұрғынына Жеңіс күні мен тәуелсіздік күнінде қаржылай көмек көрсетіледі
Алматы тұрғындарының кейбір санатына 2022 жылы атаулы және мереке күндері қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мәлімдеді.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай төлем алатын тұрғындар:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі "ардагерлер туралы" заңмен белгіленеді) – 500 мың теңге;
- ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге – 100 мың теңге;
- Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады. Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;
- Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне 100 мың теңге.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады. Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Басқа мерекелер
Сондай-ақ келесі мерекелерге 1 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған:
- Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
- Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
- Астана күні – 6 шілде;
- Конституция күні – 30 тамыз;
- Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан.
Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасылар ғана көрсетіледі.
Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған, оны "Отбасы банкінің" шотына аударады.
Дереккөз: Almaty.tv.