Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті

Мегаполис басшысы Қоғамдық кеңес мүшелерімен Алматыны дамыту мәселелерін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудің тиімділігін арттыру мақсатында алдағы өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесуде ауаның жоғары ластануы, көлік жолайрықтары, мектеп орындарының тапшылығы, агломерация, жерді игеру, қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу және т.б. тақырыптар көтерілді. Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшелері әкімге мегаполисті одан әрі дамытуға қатысты өз ұсыныстарын айтты.

«Сұрақтар көп, олардың барлығы шынымен де маңызды, бірақ жүйелі әрі жоспарлы әрекет ету керек. Әкімдік орта шұғыл перспективада қаланы дамытуда кешенді тәсілге сүйенетін болады», – деді Алматы әкімі.

Кездесу қорытындысы бойынша осындай талқылауларды тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.