Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша түскен өтінімдер саны үш есе артқан

«Бюджетке қатысу» жобасы іске қосылған сәттен бастап халық тарапынан келіп түскен өтінімдер саны 3 есе артқан. Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде бұл жоба өзінің тиімділігін дәлелдегенін айтты.

Бүгінде тұрғындардың сұранысы мен дауыс беруі бойынша қалада ұлттық стильдегі бірегей скейт алаңдар, аллеялар, воркаут алаңдары және тағы басқа да спорт алаңқайлары орнатылды.

«Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2019 жылдан бастап «Бюджетке қатысу» жобасын жүзеге асырып келеміз. Биыл жобаны іске асыруға 7,4 млрд теңге бағытталғанын атап өткім келеді. Халық тарапынан сұраныстың артуына қарай қаржыландыру көлемі ұлғаятын болады», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.