14 қаңтардағы мәлімет бойынша 44 794 адам коронавирус инфекциясынан (43 075 КВИ+ және 1 719 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 4 495 пациент стационарда,
- 40 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 208 адамның жағдайы ауыр,
- 76 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 045 314 адам, 2-ші компонентін 8 597 994 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК