Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек: Алматыдағы барлық сауда желісі керек-жарақтармен қамтылған

Бүгінде Алматы қаласы мен ҚР өңірлерінің өндірушілерінен азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді.

Ірі наубайханалар күніне 150 тонна әлеуметтік нан шығарады, кәсіпорындар толық жұмыс жасап жатыр.

Бакалея, сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөністерді жеткізушілер мен өндірушілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта барлық сауда желісі мен ірі дүкендер керек-жарақтарпен қамтамасыз етілген. ӘМАТ тапшылығы байқалмайды.

12 қаңтарда В, С класс дүкендеріне азық-түлік жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жедел желіге 15 қоңырау келіп түсті, жедел режимде жеткізу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта 970 дәріхананың 887-сі 9.00/10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, оның ішінде 315 желілік және 572 бөлшек дәріхана.

 

Дереккөз: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.