Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ХҚКО-лар жұмыс істей бастады

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданды.

«Алматыдағы барлық 9 халыққа қызмет көрсету орталықтары бүгінен бастап қызмет көрсете бастады. Клиенттерге паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма аралығында таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін үзіліссіз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметінің Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша миграциялық және мамандандырылған қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатты. Себебі ІІМ қызметкерлері төтенше жағдай жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.

 

Дереккөз: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.