Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ҚР Cпартакиадасының қорытындысы: Алматы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді

Қазақстанда желтоқсанның 4-27 аралығында өткен V Қысқы республикалық спартакиада аяқталды.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командаларды жинақтау, халықаралық жарыстарға даярлау.

Кешенді спартакиада 14 спорт түрінен үздік атағына таласатын еліміздің ең мықты спортшыларын жинады: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), тау шаңғысы спорты, аралас шаңғы, шаңғымен секіру, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика.

Қорытынды бойынша, жалпыкомандалық есепте - Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетті (5795,4 ұпай). Екінші орынды - ШҚО командасы алды (5664 ұпай). Үшінші орын - Ақмола облысының спортшыларына бұйырды (2593 ұпай).

Алматылық атлеттер - 6 алтын және 5 күміс медаль иеленді.

Жүлдегерлер кубоктар, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Спартакиаданың аяқталу рәсімі «Almaty Arena» мұз айдынында өтті.

Айта кетейік, бұған дейін өткен спартакиада кезінде жеңісті алматылық спортшылар иеленген болатын. Биыл ШҚО алматылықтардан 132 ұпай кем түсті.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.