Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қаланың Жаңа жылдық бас шыршасы жағылды

Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы «Астана» алаңында өтті.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Алматының Бас шыршасын жағу рәсіміне мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.

Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңа жылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.

Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңа жылдық керуен» ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.

Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады. Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакциналау қажет. Вакцинация пункттері жұмысын жалғастыруда.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.