Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматылықтарды коронавирус дерті төмендеген кезде екпе алуға және қайта вакциналануға шақырды

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде дерттің төмендеуі және эпидахуалдың тұрақтануы тыныштануға әлі себеп емес екенін атап өтті - қалада инфекцияның берілу индексі 5-ші күні өсіп келеді, бұл бір науқастан жұқтырудың артқанын көрсетеді.

Ж. Бекшин дельтаға қарағанда жоғары жұқпалы омикрон штаммының әкелінуі мен таралуын жоққа шығармайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына байланысты екенін атап өтті.

«Екпелер дертті едәуір төмендетуге көмектесті. КВИ-мен жұқтырудың төмендеуі вакциналанған халықтың 45%-ына жетіп, «қызылдан» «сары» аймаққа өткеннен кейін басталды», - деді Ж. Бекшин.

Әрі қарай, ұжымдық иммунитет 50% жеткен кезде ауру деңгейі төмендей бастады. Бүгінде Алматыда КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитет 57,3%-ды (вакциналанғандардың 49,2%-ы және ауырып жазылған адамдардың 8,1%-ы) құрайды.

Алматының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарын екпе салдыруға, ал алғашқы вакциналанудан өткендерге 6 немесе 9 айдан кейін ревакцинация жасауға шақырды.

Мегаполистің бас санитарлық дәрігері көбінесе инфекцияның қоздырғышы болып табылатын балалар мен жасөспірімдерді коронавирустан қорғау маңызды деп санайды. Ол сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға қауіп төндіретінін еске салды.

Атап өтерлігі, бүгінде дерт жұқтырған алматылықтардың 98%-ы (136 863 адам) вакциналанбағандар.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.