Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бостандық ауданында 2021 жылы қандай спорт кешендері салынды

Пандемияға қарамастан Алматының Бостандық ауданында жаңа спорт ғимараттарының құрылысы жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

«Біз бұқаралық спортты дамытудамыз, салауатты өмір салтын насихаттау бағыты алынды, спорттық инфрақұрылымды бюджет есебінен де, инвесторлар есебінен де нығайтуды жалғастырудамыз. Биыл жыл бойы жұмыс істейтін «Жандосым» теннис орталығының құрылысы аяқталды. Тәуліктік өткізу қабілеті - 200 адам», – деді Алтай Рахымбетов.

Аудан әкімі «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің екінші кезегінің құрылысы аяқталғанын хабарлады, онда 580 орынды мінбері бар әмбебап зал, жабық жүзу бассейні мен қонақ үй кешені орналасатын болады. Тәуліктік өткізу қабілеті 940 адамды құрайды.

Champion жеке қорының қолдауымен заманауи MyWin спорт кешенінің құрылысы басталды, онда әмбебап зал мен бассейн орналасады. Аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.

А. Рахымбетов алматылықтардың спорт сүйер қауым екенін, бұл сүйіспеншілік мектеп қабырғасынан пайда болатынын атап өтті. Мысалы, ауданның мектептерінде, ЖОО мен колледждерінде 400-ге жуық тегін секция жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам оқушылар мен студенттер жаттығады. Сонымен қатар, 15 спорт алаңында футбол, баскетбол, воркаут және теннис бойынша тегін жаттығулар өткізіледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.