Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бостандық ауданында 100 аула абаттандырылды

Жайлы орта құру бойынша жұмыстар барлық жерде жүргізілуде. Аулаларды абаттандырудың міндетті элементтері балалар ойын алаңы, тұрақ, жарықтандыру, көгалдандыру, орындықтар мен урналар болды. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында сөз сөйлеген ол Бостандық ауданында 135 ПИК пен ПКСК қызмет көрсететін 1 866 көппәтерлі тұрғын үй бар екенін айтты. Алайда, біртіндеп тұрғындар басқарудың жаңа формаларына көшуде. 529 көпқабатты үйдің тұрғындары 123 МИБ және 290 жәй серіктестік құрды.

«34 көппәтерлі үйдің тұрғындары «Нұрлы жер» бағдарламасын пайдаланып, 85 лифт жабдығын жаңартты, 11 үй бойынша шатырды, инженерлік желілерді ауыстыру және қасбеттерді сырлау бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, 7 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – деп жалғастырды сөзін Алтай Рахымбетов.

Сонымен қатар инвесторларды тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің 4 қасбеті боялды. Сондай-ақ, 19 балалар алаңы абаттандырылды, жыл соңына дейін тағы екі алаң пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Алтай Рахымбетов инженерлік инфрақұрылымның жаңартылғаны туралы хабарлады. Мысалы, төмен қысымды жерасты газ құбырының 27,1 шақырымы қайта жаңғыртылды, ескірген электр кабель желілерінің 2,9 шақырымы ауыстырылды.

Аулалар мен көшелерді жарықтандыруға көп көңіл бөлінеді. Биыл 155 учаскені жарықтандыру жоспарланған, 140 көшенің жұмыстары аяқталды. Сөзін қорытындылаған аудан әкімі 16 көше мен ұзындығы 17 шақырым болатын жолайрығында орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.