30 қарашадағы мәлімет бойынша 26 472 адам коронавирус инфекциясынан (22 895 КВИ+ және 3 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 5 623 пациент стационарда,
- 20 849 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 376 адамның жағдайы ауыр,
- 119 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
2021 жылғы 29 қарашада жалпы 79 722 адам «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын салдырды.
Оның ішінде:
- Жасөспірімдер – 62 707,
- Жүкті әйелдер – 5 395,
- Бала емізетін әйелдер – 11 620.
2021 жылғы 29 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 721 768 адам, 2 - ші компонентін 8 066 053 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК