29 қарашадағы мәлімет бойынша 26 991 адам коронавирус инфекциясынан (23 396 КВИ+ және 3 595 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 5 809 пациент стационарда,
- 21 182 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 396 адамның жағдайы ауыр,
- 119 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
2021 жылғы 29 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 718 613 адам, 2-ші компонентін 8 058 293 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК