Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында 2021 жылғы 26 қарашадағы қар тазалау бойынша ақпарат

26 қараша күні сағат 02.45-тен бастап Алматы қаласында қарға ұласқан жаңбыр, таулы және тау бөктеріндегі жерлерде таңғы сағат 05.00-ден бастап жауа бастады. Сағат 06.40 қаланың орталық бөлігіне қар түсті. Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша тау бөктеріндегі аудандарда 6 см – ге дейін, таулы аудандарда 10 см-ге дейін қар жауды.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында қаланың жоғарғы бөлігінде қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі және қар сыпырылады. 120 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды» тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Техниканың түнгі уақытта шығуы 496 бірлікті құрады, оның ішінде 193 құмшашқыш және 337 жол жұмысшысы.

Таңертең 583 бірлік арнайы техника, оның ішінде 202 құмшашқыш және 1504 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашын 27 қараша күні таңертеңге дейін жауады.

 

Дереккөз: Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.