Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жаңа перинаталды орталық салынуда

«Керуен» компаниясының тобы Алматыда жаңа перинаталды орталықтың құрылысын бастады.

Аталған жобаны жүзеге асыру компанияның Алматы әкімдігімен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы ынтымақтастық  арқасында мүмкін болды. Жобаны DAMU қоры қолдады және «Нұрбанк» АҚ қаржыландырды.

Орталық ең заманауиқұрылғылармен жабдықталады, «Керуен Медикус» клиникасының босандыру және жүктілікті жүргізу бойынша медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін едәуір ұлғайтады.

Сондай-ақ орталықта неміс және корейлік серіктес клиникаларымен ынтымақтаса  отырып, жергілікті мамандар озық технологияларды мңгереді және білімдерін жетілдіреді. Мұндай серіктестік дәрігерлерге жетекші шетелдік клиникаларда, осы саладағы үздік мамандардан тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

Жаңа орталықта 150-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейтін болады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.