Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында 2021 жылғы 4-5 қарашада қар шығару бойынша ақпарат

Алматы қаласында 3-4 қарашада қар жауған кезде жерге 8 см қар түсті, тау бөктеріндегі аудандарда – 10 см, таулы аудандарда – 15 см, жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын және басқа да халық көп жиналатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілді.

Негізгі магистральды көшелерден қардан түгел тазарту ұйымдастырылды.

Күндіз, 4 қарашада түскен қарды 54 бірлік қар күрейтін техника, 49 самосвал мен 9 автогрейдер, сондай-ақ 1400 жол жұмысшысын тазартты.

Сыртқа 1349 м3 қар шығарылды.

4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні 37 қар тиегіш, 36 самосвал, 9 автогрейдер және 236 жол жұмысшылары тазартумен айналысты. Сыртқа 891 м3 қар шығарылды.

Ал,5 қараша күні таңғы сағат 09.00-де сыртқа барлығы 2240 м3 қар шығарылды.

Алдағы екі күнде ауа температурасының төмендеуінің болжануына орай жылы киіну, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көктайғақтың пайда болуына байланысты сақтық шараларын сақтаулары қажет.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.