11 қазандағы мәлімет бойынша 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (46 626 КВИ+ және 7 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 9 653 пациент стационарда,
- 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 696 адамның жағдайы ауыр,
- 194 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 859 131 адам, 2-ші компонентін 6 901 313 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК