06 қазандағы мәлімет бойынша 56 708 адам коронавирус инфекциясынан (48 968 КВИ+ және 7 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 9 551 пациент стационарда,
- 47 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 748 адамның жағдайы ауыр,
- 202 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 766 146 адам, 2 -ші компонентін 6 756 266 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК