Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 01 қазандағы ақпарат

01 қазандағы мәлімет бойынша 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (52 309 КВИ+ және 8 348 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

  • 10 210 пациент стационарда,
  • 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 805 адамның жағдайы ауыр,
  • 221 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

  • «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар облысы.
  • «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
  • «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 654 566 адам, 2-ші компонентін 6 593 598 адам салдырды.

 

Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.