01 қазандағы мәлімет бойынша 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (52 309 КВИ+ және 8 348 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 10 210 пациент стационарда,
- 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 805 адамның жағдайы ауыр,
- 221 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар облысы.
- «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 654 566 адам, 2-ші компонентін 6 593 598 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК