30 қыркүйектегі мәлімет бойынша 61 356 адам коронавирус инфекциясынан (52 916 КВИ+ және 8 440 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 10 343 пациент стационарда,
- 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 805 адамның жағдайы ауыр,
- 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары,Қарағанды, Павлодар облыстары.
- «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 623 541 адам, 2-ші компонентін 6 545 254 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК