24 қыркүйектегі мәлімет бойынша 65 098 адам коронавирус инфекциясынан (56 297 КВИ+ және 8 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 11 576 пациент стационарда,
- 53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 905 адамның жағдайы ауыр,
- 241 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
- «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
2021 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 483 978 адам, 2-ші компонентін 6 369 022 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК