9 қыркүйектегі мәлімет бойынша 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (76 339 КВИ+ және 7 923 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 17 749 пациент стационарда,
- 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 390 адамның жағдайы ауыр,
- 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары
- «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 969 069 адам, 2-ші компонентін 5 795 901 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК