8 қыркүйектегі мәлімет бойынша 87 015 адам коронавирус инфекциясынан (79 248 КВИ+ және 7 767 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 18 333 пациент стационарда,
- 68 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 377 адамның жағдайы ауыр,
- 378 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары
- «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 928 646 адам, 2-ші компонентін 5 755 817 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК