3 қыркүйектегі мәлімет бойынша 99 675 адам коронавирус инфекциясынан (92 369 КВИ+ және 7 306 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 21 714 пациент стационарда,
- 77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 547 адамның жағдайы ауыр,
- 481 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 255 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- «Сары аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 748 762 адам, 2-ші компонентін 5 559 692 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК