20 тамыздағы мәлімет бойынша 122 620 адам коронавирус инфекциясынан (117 108 КВИ+ және 5 512 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 30 128 пациент стационарда,
- 94 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 918 адамның жағдайы ауыр,
- 551 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 248 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 276 224 адам, 2-ші компонентін 4 913 196 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК