12 тамыздағы мәлімет бойынша 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (108 954 КВИ+ және 4 201 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 30 769 пациент стационарда,
- 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 849 адамның жағдайы ауыр,
- 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
- «Сары» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 939 533 адам, 2-ші компонентін 4 563 841 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК