10 тамыздағы мәлімет бойынша 112 474 адам коронавирус инфекциясынан (108 818 КВИ+ және 3 656 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 30 972 пациент стационарда,
- 81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 966 адамның жағдайы ауыр,
- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
- «Сары» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 807 646 адам, 2-ші компонентін 4 445 534 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК