9 тамыздағы мәлімет бойынша 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 31 504 пациент стационарда,
- 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 981 адамның жағдайы ауыр,
- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
- «Сары» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 750 698 адам, 2-ші компонентін 4 382 869 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК