23 шілдедегі мәлімет бойынша 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (69 436 КВИ+ және 1 785 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 21 096 пациент стационарда,
- 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 258 адамның жағдайы ауыр,
- 274 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 166 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК