15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 15 280 пациент стационарда,
- 32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 919 адамның жағдайы ауыр,
- 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
- «Сары» аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК