Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Ashyq жобасына қатысушылар саны 1700-ге жетті

Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Ashyq жүйесіне енгізілген кәсіпкерлік субъектілері санының өскенін хабарлады.

Сәуір айының соңында Ashyq жүйесін қолданатын 367 кәсіпкер болса, қазір олардың саны 1700-ге жетті.

Жобаға қатысушылар тізімінде: 128 фитнес-орталық, 40 СПА-салон, 38 бассейн, 5 боулинг-клуб, 18 бильярд, 110 компьютерлік клуб, 110 монша, 1096 қоғамдық тамақтану нысаны, 33 караоке, 19 кинотеатр, театрлар мен концерт залдары бар.

Тестілік режимде 232 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Жобаға ерікті түрде 44 нысан қатысады және 3-еуі қосылғысы келеді.

«Жоба Kaspi-пен бірікті, енді сіз мәртебеңізді банк қосымшасында біле аласыз. Сондай-ақ келесі кезеңде сервисті Egov Mobile мен Halyk bank-те жариялау жоспарланды. Алдағы уақытта қамтылатын қызмет саласы туралы айтатын болсақ, бұл барлық әуежайлар, теміржол вокзалдары, фудкорт, ЖОО мен басқалары», — деді А. Қошмамбетов.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.